«Ұлтқа қызмет ету - соңғы аялдамасыз саяхат»

Президент Ердоған 5-бөлігі ашылған Солтүстік Мәрмәр автокөлік жолы туралы хабарлады.

1493793
«Ұлтқа қызмет ету - соңғы аялдамасыз саяхат»

Президент Ердоған жеке Твиттер парақшасынан жасаған бір мәлімдемеде «Ашылу рәсімін өткізіп жатқанымыз Солтүстік Мәрмәр автокөлік жолының Гебзе-Измит қиылысының еліміз бен ұлтымызға құт әкелуін тілеймін» деді.

Хабарламасында «Ұлтқа қызмет ету - соңғы аялдамасыз саяхат» тақырыпты бір кесте орын алды.

Кестеде жобада орын алған T-2 туннелінің шамамен 4 мың 200 метр ұзындығымен Түркияның ең ұзын автожол туннелі екені атап көрсетілді.

Сондай-ақ 400 шақырымдық жолдың 321,2 шақырымының аяқталғанына, қазір 57,4 шақырымдық бөлігінің қызметке ашылғанын бағытта 7 виадук, 5 қос құбырлы туннель, 25 көпір, 9 қиылысу, 12 су бетіне салынған көпірлік құрылыс, 16 жерасты өткелі бар екеніне назар аударылды.

Инвестицияның жалпы көлемінің 14 миллиард 296 миллион лира екені көрсетілген кестеде Ердоғанның кеше тікелей эфирмен қатысқан ашылу рәсімінде жасаған баяндамасынан үзінділер де орын алады.



Ұқсас жаңалықтар