"Түркия қарсыластары шантаж және қорқытумен бас идіре алмайтындарын байқады"

Ердоған Мемлекеттік орден табыстау рәсімінде үн қатты.

1492582
"Түркия қарсыластары шантаж және қорқытумен бас идіре алмайтындарын байқады"

Президент Реджеп Тайып Ердоған Түркия қарсыластарының шығыс Жерорта теңізінде шантаж және қорқытумен бас идіре алмайтынын байқағанын атап көрсетті.

Ердоған Бештепе Миллет конгресс және мәдениет орталығында ұйымдастырылған Мемлекеттік орден табыстау рәсімінде «Қорқыту сөздерінің түкке жарамағанын, Түркия қарсыластары шығыс Жерорта теңізінде шантаж және қорқытумен бас идіре алмайтынын байқады» деді.

Президент Ердоған «Жерорта теңізіндегі ең ұзын жағалауға ие елімізді өз жағалауына қамауына жол бермейміз. Қарсыластардың арандатушы әрекеттеріне, баладай ұстанымдарына қарамастан әрқашан заңдық ережелер және үлкен мемлекет рухымен қозғалдық» деді.

Түркияның террормен күресіне де тоқталған Ердоған «Ұлттың бірлік пен ынтымақтастығына қастандық жасаған қанішерлер төккен қанның әрбір тамшысын еселеп қайтардық. Таудағы опасыз қанішерлердің басын көтеруіне қалай рұқсат бермеген болсақ, олардың қалалардағы мүшелеріне де жол бермейміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар