Ердоған Макронға үн қатты

Президент Франция мен Грекияға наразылық білдірді.

1489429
Ердоған Макронға үн қатты

Ердоған Демократия және еркіндіктер аралында болған «Демократия ұлттық ерік-жігер» атты симпозиумда «Құрметті Макрон,  сенің менімен көп қиыншылығың болады. Сен тарихты да білмейсің. Сен Францияның тарихын да білмейсің. Түрік ұлтына тиіспе,  Түркияға тиіспе» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған сөзінде Шығыс Жерорта теңізінде келіспеушілікті арттырған Грекияға да үн қатты.  «Грекия,  кейде «көрші, көрші» дейсің. Онда көршіліктің ақысын бер. Қате іс істеме.  Қате істеп отырсыңдар, онда тіпті жалғыз қаласыңдар» деді ол.

Президент Түркияның өз өзіне жететін бір ел екенін айтып «Енді біздің Халықаралық Валюта фонды деген есігіміз жоқ. Біз өзімізге жетеміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар