Президент Ердоған Абэмен сөйлесті

Ердоған Абэге жақсы ниет блдіріп, тез сауығып кетуін тіледі.

1487634
Президент Ердоған Абэмен сөйлесті

 

Президент Режеп Тайып Ердоған Жапония премьер-министрі Синдзо Абэмен телефон арқылы сөйлесті.

Коммуникация басқармасының  мәлімдемесіне сәйкес, президент Ердоған денсаулығына байланысты премьер-министрлік қызметінен біраз уақыттан кейін кететінін мәлімдеген Абэге игі тілектерін жеткізді және оның тезірек сауығып кетуін тіледі.

Абэ Түркия-Жапония қарым-қатынасына қосқан маңызды үлесі үшін Ердоғанға алғыс білдіріп, екі елдің осыдан кейін қарым-қатынастарын нығайту жолында алға басуды жалғастыратынына сенетінін айтты. 

Телефон әңгімесінде Түркия мен Жапония арасындағы ынтымақтастықты барлық салаларда тереңдету туралы бірнеше рет қабылдаған міндеттемелер мен осы бағытта нақты қадамдар жасалуы талқыланды.



Ұқсас жаңалықтар