YPG/PKK террор ұйымына бір айда ауыр соққы енгізілді

1-31 тамыз күндері арасында ел көлеміндегі және шетелдегі операцияларда 85 террорист залалсыздандырылды.

1483534
YPG/PKK террор ұйымына бір айда ауыр соққы енгізілді

Бөлшектеуші террор ұйымы YPG/PKK-ға бағытталған тамыз айында ұйымдастырылған табысты операцияларда араларында ұйымның басшылық кадрлары да бар 85 террорист залалсыздандырылды. 

Түрік Қарулы күштері, Полиция дирекциясы, Жандармерия қолбасшылығы және Ұлттық Барлау ұйымы (ҰБҰ) басқармасының елдің тыныштығын, сенімін және бауырластығын бұзуға бағытталған террор ұйымдарын нысанаға алатын қадамдары қарауылдардың да қолдауымен табандылықпен жалғасады. 

1-31 тамыз күндері арасында ел көлеміндегі және шетелдегі операцияларда 85 террорист залалсыздандырылды. 

Залалсыздандырылған террористердің бірінің PKK-ның Хакурк жауаптысы «Агит Гарзан» лақапты Мурат Калко екені және Калконың Іздеу салынған террористтер тізімінің «қызыл» категориясында орын алғаны анықталды. 

Жасалған 2 операциямен де «PKK арнайы күш пен барлау мүшесі» ұйымның жоғары лауазымдысы 6 террорист залалсыздандырылды. 

Карстың Кағызман ауданындағы «Йылдырым 3» операциясы аясында 28 тамыз күні басына 1 миллион лира бәйге тігілген «қызғылт» түсті категорияда орын алған «Амед Сорхин» лақапты Беназир Йылмаз, 500 мың лираға дейін бәйге тігілген «сұр» түсті категориядағы террор ұйымының аймақтық жауапкері «Хогир» лақапты Мұхаммед Ташчы мен 500 мың лираға дейін бәйге тігілген бірдей категориядағы «Каркер» лақапты Мехмет Эмин Делен залалсыздандырылды. 



Ұқсас жаңалықтар