Түркия Еуроодақты айыптады

Аксой: "Еуропа Одағына Грекияның заңға қайшы әрекеттерін қолдауын тоқтатуын ұсынамыз" деді.

1481046
Түркия Еуроодақты айыптады

Түркия Еуропа Одағының көмірсутегі іс-шараларымызды тоқтатуды талап ету құқығы жоқ екенін білдірді.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемешісі Хами Аксой жасаған жазбаша мәлімдемеде:

"Еуропа Одағы Шығыс Жерорта теңізінде шешімді қалайтын болса, тарапсыз әрекет жасағаны және дұрыс бір бітімгер болғаны жөн" деді.

Мәлімдемеде:

"Еуропа Одағына Грекияның заңға қайшы әрекеттерін қолдауын тоқтатуды ұсынамыз. Еуроодақтың еліміздің көмірсутегі іс-шараларын айыптауы және мұны тоқтатуымызды талап етуі шектен асқандық" деп баса дәріптелді.

Еуроодақ Сыртқы байланыстар және Қауіпсіздік саясаты жоғары өкілі Жозеп Боррель Шығыс Жерорта теңізінде Түркия мен Грекия арасындағы дағдарысқа байланысты тарапсыздыққа қайшы мәлімдемелер жасаған болатын.  



Ұқсас жаңалықтар