Измирде 22 босқын құтқарылды
Босқындар тексеруден өткеннен кейін Уәлаят миграция (Көші-қон) басқармасына жолданды.
1479966
Измирдің Фоча ауданында Грекия Жағалау қауіпсіздік қызметкерлері тарапынан Түркия су айдынына кері қайтарылған 22 босқын құтқарылды.
Аслан Бурну су айдынында екі қайықта заңсыз босқындардың болғаны хабарына орай аймаққа Жағалау қауіпсіздік кемесі жіберілді.
Жағалау қауіпсіздік топтары Грекия тарапынан түрік су айдынына кері қайтарылған 22 босқынды кемемен құтқарды
Босқындар тексеруден өткеннен кейін Уәлаят миграция (Көші-қон) басқармасына жолданды.