Министр Чавушоғлу мен неміс әріптесі баспасөз жиналысы өткізді

"Шығыс Жерорта теңізінде қызуды арттырған біз емеспіз".

1479386
Министр Чавушоғлу мен неміс әріптесі баспасөз жиналысы өткізді

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу «Шығыс Жерорта теңізінде қызуды арттырған біз емеспіз. Грекия мен Понти әкімшілігі» деді. Сыртқы істер министрі ресми сапармен Анкараға келген неміс әріптесі Мааспен ортақ баспасөз жиналысы өткізді. 

Чавушоғлу осында жасаған мәлімдемеде «Бұл бұзақылықтан бас тартыңыз! Кейбір елдердің қолдауына сеніп, өзіңізге қауіп төндірмеңіз» деп шақыру тастады. 

Чавушоғлу «Қате қадамдар бассаңыз, бұл жолы біз де қажетті шараларды қабылдаймыз» деп ескертті. 

Министр Чавушоғлу «Грекияны түрік әскери-теңіз флотының алдына итермелеген елдерге сенбесін. Біз көршіміз, әділ бөлісуді білеміз» деп мәлімдеді. 

Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маас болса «Жағдайдың асқынуы не Еуроодаққа, не Грекияға, не болмаса Түркияға пайда әкеледі» деді. 

Маас «Қауіпті жағдай да қолға алынды. Бұл тек қана Еуроодаққа емес, НАТО-ға да қатысты. Жағдай өте қауіпті» деді. 

Неміс министр «Бұл дипломатиямен шешіледі. Осында келіссөз ниеті ашық. Еуроодақ құрамында саяси шарттарды дайындау керек» деді. 



Ұқсас жаңалықтар