Чавушоғлұ Түркияның мықты бір ел екенін айтты

Мәвлүт Чавушоғлұ Түркияның әртүрлі күштерді және  димломатиялық саясатты  ықпалды қолданған бір мемлекет екенін айтты.

1476912
Чавушоғлұ Түркияның мықты бір ел екенін айтты

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғоұ кеше Саясат, экономика және қауым зерттеу қорының бір жиналысына қатысып, маңызды сөз сөйледі. 

Мәвлүт Чавушоғлұ Түркияның әртүрлі күштерді және  димломатиялық саясатты  ықпалды қолданған бір мемлекет екенін айтты. 

Түркияның президенттік басқару жүйесімен сыртқы саясатта тіпті ықпалды болғанын түсіндірген министр Чавушоғлұ "2019 жылы президент Режеп Тайып Ердоғанның лидерлігінде әрі жаһандық, әрі аймақтық мәселелерде түрік халқының талпыныс рухы және адамгершілік құндылықтары негізінде бір сыртқы саясат тұғыр ұстандық" деді. 

Чавушоғлұ "Ұлттық мүдделерімізге байланысты маңызды оқиғаларда басқа елдерден үміт күтпейміз. Біз әртүрлі күштерді және дипломатиялық саясатты ықпалды қолданған бір мемлекетпіз. Қажетті болғанда ойынды басқардық, ерекше жағдайда ойынды бұздық" деген сөздер қолданды. 

Министр Чавушоғлұ Түркияның әрқашан орталық актер екенін және шешімдердің бас тартуға болмайтын бөлшегі болғанын баяндап, "Осының болымды нәтижелерін Сириядан Ливияға дейін, Шыңыс Жерорта теңізінен Қаратеңізге дейін және  Кавказдан Балқанға дейінгі ұлан-ғайыр аймақта, сондай-ақ әлемнің әрбір жерінде әрі майданда, әрі үстелде көрудеміз. Бұдан кейін де көреміз" деді. 

Чавушоғлұ "Жаңа коронавирус індетімен күресуде 142 ел мен 7 халықаралық ұйымға көмек беруіміз, медициналық жәрдемдерде әлемде 2-ші орын алуымыз және үлкен талпыныстар арқылы 95 мыңнан астам азаматымызды елімізге әкелуіміз осы тұғырымыздың айқын нәтижелері болып табылады" деді. 

Чавушоғлұ "Соңғы  3-4  жылда гуманитарлық жәрдем тақырыбында Түркияның ең дамығын елдердің алдында, яғни бірінші орынды иелеуде" деді. 

 



Ұқсас жаңалықтар