Аясофия мешіті ашылды

Президент Режеп Тайып Ердоған Аясофия мешітіне жұма намазы үшін келді.

1461200
Аясофия мешіті ашылды
Ayasofya.png
ayasofiya.jpg
Ayasofya (5).jpg
Ayasofya.2.jpg
SÜPER FOTO ayasofya.jpg

Аясофия мешіті 86 жылдан кейін құлшылық ету үшін қайта ашылды. Бүгін алғашқы жұма намазы оқылды.

Алдымен Дін істері басқармасы ұйымдастырған намаз бағдарламасы басталды. Бірнеше сүре мен дұғалар оқылған бағдарлама Дін істері министрі Али Эрбаштың дұғасымен аяқталды.

Аясофия мешітінде алғашқы намазды оқығысы келген азаматтар таңертеңнен бастап қауіпсіздік орындарына кеоіп шоғырланды.

Коронавирустың жаңа түрінің (Ковид-19) өршуіне байланысты бақылау пункттерінде температура өлшеу және маска бақылау жұмыстары жүргізілуде.

Президент Режеп Тайып Ердоған Аясофия мешітіне жұма намазы үшін келді.

Ердоғанға вице-президент Фуат Октай, Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп, Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтунмен бірге Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа және Ұлтшыл қозғалыс партиясының төрағасы Девлет Бахчели есрік болды.

Осы арада Аясофия мешітіндегі бағдарламаны көптеген шетелдік баспасөз өкілдері де қадағалап отыр. Мұсылман елдердің және Еуропа елдерінің баспасөз өкілдері өздері үшін қалыптастырылған платформадан эфирлерін жалғастыруда.

Мешіттің ғибадатқа ашылуы әлеуметтік желіде де күн тәртіптің басты орнында.

Әлеуметтік желі қолданушылары #AyasofyaCamii этикетімен жазбаларын жариялауда.

Ашылу рәсімі әрі телеканалдарда,  әрі әлеуметтік желіде тікелей жарияланды.



Ұқсас жаңалықтар