Ердоған Жоғары Әскери кеңестің шешімдерін мақұлдады

Жоғары Әскери кеңестің шешімімен17 генерал мен адмирал жоғары бір дәрежеге, 51 полковник генерал және адмирал дәрежесіне көтерілді.

1460669
Ердоған Жоғары Әскери кеңестің шешімдерін мақұлдады

Жоғары Әскери кеңестің жиналысы президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығында бүгін ұйымдастырылды

Жоғары Әскери кеңестің шешімдері аясында 17 генерал мен адмирал жоғары бір дәрежеге, 51 полковник генерал және адмирал дәрежесіне көтерілді. 

Президент Ердоған Жоғары Әскери кеңестің шешімдерін мақұлдады.

Жоғары Әскери кеңестің шешімдері аясында 35 генерал мен адмиралдың міндет  уақыты тағы бір жыл, 294 полковниктің міндет уақыты екі жыл ұзартылды.

Жоғары Әскери кеңестің шешімдері аясында 30 генерал мен адмирал штат жетіспегендіктен зейнетке шығарылды. 

226 болған генерал мен адмирал саны 30 тамыздан бастап 247 кісіге көбейеді. 

Жоғары Әскери кеңестің шешімдерімен Бас Штаб екінші төрағасы генерал-лейтенант Метин Гүрок генерал дәрежесіне, Теңіз күштері қолбасшысы адмирал орынбасары Ержүмент Татлыоғлу адмирал дәрежесіне көтерілді. 



Ұқсас жаңалықтар