Өкілетті елші Кылыч USCIRF комиссиясына наразылық көрсетті

Өкілетті елшісі Сердар Кылыч АҚШ-тың Халықаралық діни еркіндіктер комиссиясына наразылық көрсетті.

1440016
Өкілетті елші Кылыч USCIRF комиссиясына наразылық көрсетті

Түркияның АҚШ-тағы өкілетті елшісі Сердар Кылыч Америка Құрама Штаттарының (АҚШ) Халықаралық діни еркіндіктер комиссиясының (USCIRF) Түрік Қарулы күштерінің Ирактың солтүстігіндегі террор нысаналарына бағытталған «Пенче-Каплан» операциясын сынға алуына қатаң наразылық көрсетті.

Өкілетті елші Кылыч твиттерден жасаған мәлімдемеде «YPG/PKK террор ұйымы Сирияда жүздеген жазықсыз адамды тікелей нысанаға алып қан төккен кезде үніңіз шықпайды. Ұятқа қалдыратын бір ұстаным» деді.

Кылыч сондай-ақ USCIRF-тың Түркиядағы жүздеген бейбіт адам террор ұйымы тарапынан өлтірілген кезде үнсіз қарағанын атап, «Сіздің ұстанымыңыз ақылаққа жатпайды. ‘Діни еркіндіктер’ деп сіз қорғаған барлық құндылықтар тұрғысынан ұяттың қайнарысыздар. Ұят сізге!» деді.

Ирактың солтүстігінен қауіпсіздік учаскесі мен әскери базаларды нысанаға алған шабуылдарды арттырып, шекаралар мен халыққа қауіп төндірген PKK террор ұйымына қарсы Түрік Қарулы күштері «Пенче-Картал» және «Пенче-Каплан» операцияларын бастаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар