"Мақсатымызға жақындап қалдық"

Президент Карс бөгетінің ашылу рәсімінде сөз сөйледі.

1439848
"Мақсатымызға жақындап қалдық"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркияның ең ірі 10 экономика қатарына ену мақсатына өте жақын екенін білдірді. 

Президент Карс бөгетінің ашылу рәсімінде сөз сөйледі. 

“Үкімет басына келгенімізде елде барлығы 276 бөгет бар еді. Бүгін болса соңғы 18 жылдағы 585-ші бөгетті іске қосып жатырмыз. Қалаларымызды бөгеттермен,  гидроэлектр стансаларымен,  ауыз суы базаларымен, сулау каналдарымен жабдықтап, молшылық деңгейін көтердік” деді ол. 

“Түркияның демократия және экономика жолында жеткен жетістігінің ең нақты нәтижелерін коронавирус кезінде көрдік” деді президент Ердоған. 

“2020 жылдың алғашқы ширегінде наурыз айының көбін эпидемиямен күреспен өткізгенімізге қарамастан, экономикамыз 4,5 пайыз өсты. Орталық банктаңы валюта резерві 93 миллиард доллардан асты. Жылдың екінші жартысында экономикада үлкен серпін күтіп отырмыз. Түркияны әлемдегі ең ірі он экономиканың бірі қылу арманымызға жақындадық” деді ол.



Ұқсас жаңалықтар