Чадқа екінші рет көмек жолданды

Медициналық материалдар арасында жедел жәрдем көлігі де бар.

1438487
Чадқа екінші рет көмек жолданды

Түркия екінші рет Чадқа медициналық көмек жолдады. 

Коронавируспен күрес шеңберінде Африкадағы Чад еліне екінші рет медициналық көмек материалдарын тасыған ұшақ Анкарадан көтерілді. 

Президент Режеп Тайып Ердоғанның нұсқауымен Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан дайындалған медициналық материалдар Анкарада A400M типті жүк ұшағына тиелді. 

Медициналық материалдар арасында жедел жәрдем көлігі де бар. 

Түркия бұдан бұрын Америка Құрама Штаттары,  Ұлыбритания,  Испания,  Италия және Балқан елдері секілді көптеген елге медициналық көмек жолдады.



Ұқсас жаңалықтар