"Әлемнің 125 еліне медициналық көмек жібердік"

Президент «12-ші Халықаралық Ислам экономикасы және қаржы конференциясында» үн қатты.

1435709
"Әлемнің 125 еліне медициналық көмек жібердік"

Президент Ердоған Сovid-19 кезеңінде өмірдің қалпына келуімен өндіріс, сауда және туризмнің жанданғанын атап көрсетті.

Президент Ердоған «12-ші Халықаралық Ислам экономикасы және қаржы конференциясында» үн қатты.

Түркияның эпидемия кезеңін ең аз зиянмен өткізген елдер арасында екенін атап көрсеткен Ердоған «Бұл кезеңде экономикалық түрде дамыған елдердің өз азаматтарына маска қамтамасыз етуде қиналғанын, әскери денсаулық қызметтерін қамтамасыз ете алмағанын байқадық. Өз азаматтарымыздың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге қоса, әлемнің 125 еліне медициналық көмек жібердік» деді.

Жұмыспен қамдау көрсеткіштерінде болымды бір деңгейге жеткенін атап көрсеткен Ердоған «2020 жылы алғашқы ширегінде 4,5 пайыз өсу көрсеткішімен Түркияның тек қана денсаулық саласында емес, экономикада да басқа елдерден асып түсті. Өмірдің қалпына келуімен өндіріс, сауда және туризм жандана бастады» деді.

Президент Ердоған «Бейтараптығы мен сенімділігін жоғалтқан несие бағалау мекемелерінің болжамдарын назарға алмаймыз» деді.

«Ислам экономикалық дағдарыстан шығудың кілті» деген Ердоған «Артық қаржыландыру, қоғамдық және гуманитарлық қаржылар назарға алынбаған, тек қана өз мүддесімен қозғалған семіз бір экономикалық модель ортаға шығарды. Ұзақ мерзімді үлкен инфрақұрылымдық инвестицияларды қаржыландыру үшін сукук (шариғатпен бекітілген заңды құжат, исламдық облигациялардың эквиваленті) сияқты өнімдердің қолданысы кең тарау керек» деді.

Ердоған «Құрлықтар мен мәдениеттердің тоғысында орын алған Стамбулды Исламдық қаржы мен экономиканың да орталығына айналдыруды нысанаға алып отырмыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар