8 террорист залалсыздандырылды, екі террорист берілді

Ирактың солтүстігінде жүргізілген әуе операциясында террорлық ұйым PKK-ның 8 террористі залалсыздандырылды.

1433120
8 террорист залалсыздандырылды,  екі террорист берілді

Түрік Қарулы күштері тарапынан Ирактың солтүстігінде жүргізілген әуе операциясында террорлық ұйым PKK-ның 8 террористі залалсыздандырылды. 

Ұлттық Қорғаныс министрлігі террористтердің Ирактың Зап және Хафтанин аймақтарында анықталғанын білдірді. Хабарламада “Табандымыз.  Террорлық ұйым PKK-ның Ирактың солтүстігіндегі індерін жермен-жексен қылудамыз. Зап және Хафтанин аймақтарында барлау және бақылау көліктерімен анықталған сегіз террорист залалсыздандырылды” деп айтылды. 

Сонымен қатар Сирияның солтүстігінен және Ирактың солтүстігіндегі террор ұяшықтарынан қашқан PKK-лық екі террорист Түркия қауіпсіздік күштеріне берілді.



Ұқсас жаңалықтар