Президент Ердоған әскерлердің ораза айы мен айттарын құттықтады

Министр Сойлуның телефоны арқылы әскерлерге үн қатқан президент әскерлерді ораза айы және келе жатқан айттарымен құттықтады.

1418773
Президент Ердоған әскерлердің ораза айы мен айттарын құттықтады

Президент Режеп Тайып Ердоған Намаз тауы әскери база аймағында әскерлермен ауызашқан Сүлейман Сойлумен телефонда әңгімелесіп, әскерлер мен жанұяларының айттарын құттықтады.

Министр Сойлу Шырнактағы байланыстары аясында министр орынбасары Мехмет Эрсой, Жандармерия қолбасшысы генерал лейтенант Ариф Четин және Полиция директоры Мехмет Акташпен Намаз тауы әскери база аймағына барды.

Осында Чакырсөғүт Жандармерия арнайы жасақтар бригада қолбасшысы генерал майор Алпер Сыр тарапынан қарсы алынған Сойлу әскери базадағы әскерлермен бас қосты. Министр Сойлу кейін әскерлермен ауызашарға қатысты.

Ауызашар кезінде президент Ердоғанға телефон шалған Сойлу күнімен жалғасқан байланыстары жайлы ақпарат бөлісті.

Министр Сойлуның телефоны арқылы әскерлерге үн қатқан Ердоған әскерлердің ораза айы мен келе жатқан айттарын құттықтады.



Ұқсас жаңалықтар