АҚШ медициналық жәрдемге орай Түркияға алғыс айтты

АҚШ Өкілдер мәжілісі Түркия достық тобы тең төрағалары Өкілдер мәжілісі Түркия достық тобы тең төрағалары жәрдем бұйымдары үшін Түркияға алғыс айтты.

1411041
АҚШ  медициналық жәрдемге орай Түркияға алғыс айтты

Америка Құрама Штаттары Өкілдер мәжілісі Түркия достық тобы тең төрағалары Түркияның өз еліне жаңа коронавирус індетімен күресу аясында  жіберген мадициналық жәрдем бұйымдары үшін алғыс айтты. 

АҚШ Өкілдер мәжілісі Түркия достық тобы тең төрағалары Түркияның Вашингтондағы  өкілетті және төтенше елшісі Сердар Кылычқа бір хат жіберді. 

Тең төрағалардың хатында жіберілген медициналық жәрдем пакетіне орай Түркияға шын жүректен алғыс айтты. 

Хатта сонымен қатар "Түркияның медициналық жердемдері медицина саласында жұмыс істегендерді қорғауымызға пайдалы болады. Түркия халқының жомарттығына ризашылығымызды білдіреміз" деген сөздерге орын берілді. 

Өткен апта президент Режеп Тайып Ердоғанның бұйрығы бойынша Түрік Қарулы күштеріне тиесілі екі әскери жүк ұшағы медициналық жәрдем бұйымдарды АҚШ-қа жеткізген еді. 

Түркия жаңа коронавируспен күресу аясында Италия, Испания, Македония, Черногория, Сербия, Босния және Герцоговина, Косова, Ұлыбритания және Сомали секілді 60-ға тарта елге медициналық жақтан жәрдем берді. 

 



Ұқсас жаңалықтар