Түркияның медициналық көмегі Сомалиге ұласты

Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасады.

1410128
Түркияның медициналық көмегі Сомалиге ұласты

Түркияның жаңа тип коронавирус (Сovid-19) эпидемиясымен күрес аясында жолдаған екінші медициналық көмек Сомалиге ұласты.

Ұлттық Қорғаныс министрлігінің ресми твиттер парақшасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда президент Режеп Тайып Ердоғанның тапсырмасымен дайындалған және Сovid-19 эпидемиясымен күресте қолданылатын екінші медициналық көмек Сомалиге барды.

Денсаулық сақтау министрлігі мен Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (ТИКА) басқармасы дайындаған санитарлық зембіл, төсек және төсек-орын жабдығы сияқты материалдарды тасымалдаған әскери ұшақ кеше кешкі уақытта Анкарадағы Этимесгут Әскери әуежайынан көтерілген болатын.

Түркия Құрлық күштеріне тиесілі A400M әскери жүк ұшағы медициналық материалдарды елдің бас қаласы Могадишоға жеткізді.

Түркия Сovid-19 эпидемиясымен күрес аясында мұның алдында да Сомалиге медициналық материал жолдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар