Түркия коронавирус індетінде қолынан келгенін істеді

Калын"Біз қолымыздан келген  барлық мүмкіншіліктерді қолдандық. Қандай жұмыс істей алатынымызды көрсеткендей болдық" деді.

1410025
Түркия коронавирус індетінде қолынан келгенін істеді

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын жаңа коронавирус індеті процесінде жақсы емтихан берген Түркияның мықты инфрақұрылымын тіпті де күшейтетінін білдірді. 

Ибрахим Калын бір жеке теледидар каналында мәлімдеме жасады. 

Індеттен кейін халықаралық жүйенің көптеген жақтан  өзгерістер болатынын түсіндірген Калын "Халықаралық ұйымның жауапкершілігін жеткілікті орындамағанын  білеміз. Еуропа Одағы осы індетке қарсы ұстанған тұғырына орай сынға тартылуда. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының осы процестегі рөлі де тергелген тақырыптардың бірі. Ислам ынтымақтастық ұйымы жеткілікті лидерлік жасай алмады" деді.   

Түркияның медициналық инфрақұрылымынына жасаған инвестициясымен індетке қарсы дайын екенін көрсеткенін білдірген Калын "Экономикасы және армиялары бізден тіпті күшті, тіпті үлкен елдердің қандай жағдайға айналғанын көрдік. Біз қолымыздан келген  барлық мүмкіншіліктерді қолдандық. Қандай жұмыс істей алатынымызды көрсеткендей болдық. Бұдан кейін егін шаруашылық, азық-түлік. биоқауіпсіздік секілді салаларда Түркия мықты инфрақұрылымын одан ары жалғастырады. Осылайша бір апат, індет болғанда және басқа елдерге жәрдем берілгенде Түркия тағы да мықтылығын жалғастырады" деген сөздер қолданды. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар