Ердоған TRT-ні мерейтойымен құттықтады

Бүгін Түркия Телерадио корпорациясының құрылғанына 56 жыл.

1408989
Ердоған TRT-ні мерейтойымен құттықтады

Бүгін Түркия Телерадио корпорациясының құрылғанына 56 жыл.

Президент Режеп Тайып Ердоған осы мерекеге байланысты TRT Атқару комитеті төрағасы және бас директоры Ибрахим Еренге құттықтау жолдады. 

Ердоған құттықтауында: “Сенімді,  дұрыс, бейтарап және халықтың үміттерін ақтайтын түсінікпен жарты ғасырдан астам уақыттан бері азаматтарымыздың қызметіндегі Түркия Телерадио корпорациясын мерейтойымен құттықтаймын” деді. 

Президент TRT-нің жауапты және принципті журналистикамен қоғамдық хабар тарату саласында білім ордасы секілді білім, мәдениет, өнер және спорт салаларындағы эфирлерімен әлеуметтік дамуға үлес қосқанын білдірді. 

TRT-нің жаңа телеканалдары және көп тілді эфирлерімен мақтаныш болғанын айтқан президент Ердоған TRT-нің Түркияның даусын әлемге естіртуді жалғастыратынын атап көрсетті. Ердоған Түркия Телерадио корпорациясының қызметкерлеріне табыс тіледі. 



Ұқсас жаңалықтар