Францияға жәрдем материалдары жолданды

Түркия Францияның Орне аймағына медициналық жәрдем материалдарын жолдады.

1407962
Францияға жәрдем материалдары жолданды

Түркия жаңа типті коронавиус (Сovid-19) індетімен күресте қолдану мақсатымен Францияның Орне аймағына медициналық жәрдем материалдарын жолдады.

Орне аймағының сенаторы Натали Гуле Сovid-19 індетімен күрес үшін Түркиядан медициналық материалдар жәрдемін сұраған болатын.

Натали Гуле Түркияның Париждегі өкілетті елшілігінде өкілетті елші Исмайл Хаккы Мусадан Түркиядан жолданған 500 медициналық киім және 20 мың масканы тапсырып алды. 

Аталмыш жәрдемдері үшін Түркияға алғыс айтқан Гуле киім мен маскалардың аймақтағы денсаулық сақтау қызметкерлерін қамтыған полиция мен жандармерияларға таратылатынын жеткізді. 

Түркияның жәрдем қолы көптеген елмен бірге Еуропада індетке ауыр ұшыраған Испания мен Италияға да созылды.



Ұқсас жаңалықтар