Түркияда коронавирустан қайтыс болғандар саны 1403-ке жетті

ТР Денсаулық сақтау министрі Ғылыми кеңеспен өткен жиналыстан кейін баспасөзге мәлімдеме жасады.

1398134
Түркияда коронавирустан қайтыс болғандар саны 1403-ке жетті

Түркияда коронавирустан қайтыс болғандар саны 1403-ке жетті. 

ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Ғылыми кеңеспен өткен жиналыстан кейін баспасөзге мәлімдеме жасады. Министр соңғы бір тәулікте 107 науқастың қайтыс болғанын білдірді. Осылайша ел көлемінде қайтыс болғандар саны 1403 болды. 

Кожа бір тәулікте 33 070 сынама жүргізілгенін,  4 062 жаңа оқиға тіркелгенін айтты. 

Бүгін сауығып шыққан 842 адамды қосқанда жазылып кеткендер саны 4 799 болды. 

Министр Кожа: “Түркияда төртінші аптада расталған оқиғаның арту жылдамдығы төмендеді. Вирустың таралу жылдамдығын бақылауға алдық” деді.



Ұқсас жаңалықтар