АҚШ Түркияның Испания мен Италияға жасаған жәрдеміне риза

Руан Түркияның жаңа типті коронавирус індетімен күресу аясында Испания және Италияға медициналық  жәрдем бергеніне қатты риза болғандарын айтты.

1395206
АҚШ Түркияның Испания мен Италияға жасаған жәрдеміне риза

Америка Құрама Штаттары Қорғаныс министрлігінің НАТО және Еуропаға жауапты басшысының орынбасары Мишель Руан Түркияның жаңа типті коронавирус індетімен күресу аясында Испания және Италияға медициналық  жәрдем бергеніне қатты риза болғандарын айтты. 

Телеконференция арқылы баспасөз жиналыс өткізген Руан Ресей және Қытайдың НАТО елдеріне індетке байланысты дезенформация жасағанын білдірді. 

НАТО елдері арасында індетпен күресу тақырыбында маңызды ынтымақтастықтың тілге тиек болғанын түсіндірген Руан бір сұраққа орай Түркияның жаңа типті коронавирус індетімен күресу аясында Испания және Италияға медициналық жағынан жәрдем бергеніне қатты риза болғандарын баяндады. 

Руан "Испания және Италия да осы жәрдемге қатты риза. Түркияның Еуропада басқа бір елге жәрдем беріп бермегенін білмеймін. Бірақ Түркияның өте жомарт бір екені баршаға аян" деген сөздер қолданды. 

 

 



Ұқсас жаңалықтар