Сыртқы істер министрі Чавушоғлу италияндық әріптесімен телефонда сөйлесті

Министрлер әңгіме барысында жаңа тип коронавирус (Сovid-19) инфекциясымен күрес тақырыбын қолға алды.

1377160
Сыртқы істер министрі Чавушоғлу италияндық әріптесімен телефонда сөйлесті

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Италия Сыртқы істер министрі Луиджи Ди Майомен жаңа тип коронавирус (Сovid-19) инфекциясы жайлы телефонда сөйлесті.

Дипломатиялық ақпарат көздеріне қарағанда Чавушоғлу Италиян әріптесіне Италиядағы адам шығыны себепті көңіл айтты.

Әңгіме барысында Түркия мен Италия арасында жұқпалы ауру себепті қандай қолдау мен ынтымақтас жасайтындарын қолға алды.

Италияда соңғы үш аптаның ішінде індеттің салдарынан қаза тапқандар саны 827-ге ұласып, вирусты жұққандар саны болса 12 мың 462-ге жетті.



Ұқсас жаңалықтар