Түркияға вирустың келу ықтималы жоғары

Министр баспасөз брифингін ұйымдастырып, коронавирусқа қарсы қолданылған алдын алу шараларын түсіндірді.

1375757
Түркияға вирустың келу ықтималы жоғары

ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Түркияда қазір анықталған коронавирус оқиғасы жоқтығын, алайда болу ықтималының жоғары екенін айтты.

Министр Анкарада баспасөз брифингін ұйымдастырып, коронавирусқа қарсы қолданылған алдын алу шараларын түсіндірді.

Эпидемия басталған кезден бастап әуежайларында термокамералардың орналастырылғанын, Қытаймен арадағы рейстердің тоқтатылғанын,  Иранмен шекараның жабылғанын еске салған министр Еуропада болса алдын алу шарасының кеш басталғанын білдірді.

Күн өткен сайын Еуропада вирус жұққан адам санының артқанын білдірген министр Германия мен Францияда үлкен проблема болатынын айтты.

«Еуропамен арамыздағы қатынас тығыз. Осы эпидемияның Түркияға келу ықтималы жоғары, бірақ әлі анықталған жоқ» деді ол.

Министр Кожа алдымыздағы бір айды адамдармен аз байланыста, шетелге шықпай,  үйде оқшауланып өткізудің пайдалы болатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар