Ердоған Грекияға наразылық көрсетті

Президент Режеп Тайып Ердоған «Грекияның босқындарға жасаған әрекеттері қылмыс болып табылады» деді.

1375768
Ердоған Грекияға наразылық көрсетті

Президент Режеп Тайып Ердоған «Грекияның босқындарға жасаған әрекеттері қылмыс болып табылады» деді.

Эдирнеден Грекияға өтіп, сол жерден Еуропаға бармақшы болған босқындарға Грекия қауіпсіздік күштері шексіз күш қолданғанына   наразылық көрсеткен Ердоған «Шекарада босқындарға жасаған әрекеттерінің бір қылмыс екенін білулері керек. Бұлардың есебін сұраймыз. Тыр жалаңаш тастаған адамдардың суреттерін Біріккен Ұлттар Ұйымы жалпы кеңесінде көрсетеміз. Қақпаларын ашсын. Бұл адамдар Еуропаның басқа елдеріне өтсін» деді.

Сирияның Идлиб аймағы үшін 6 наурызда атысты тоқтату бітімінің атқарудың жақсы болғанын білдірген Ердоған Сирияның қайтадан салынуы үшін Ресей президенті Владимир Путинге жасаған ұсынысын түсіндірді.

Президент Ердоған «Бұл жерден мұнайдан түсірген кіріспен біз мердігерлік жұмысты істейміз. Егер қаржылай қолдау көрсетсеңіз күйреген Сирияны бірге дамытуға болады. Путин бұған оң қарады. Бірдей ұсынысты Америка Құрама Штаттары президенті Дональд Трампқа да айттым. Ол да мақұл көрді» деген сөздер қолданды.



Ұқсас жаңалықтар