Ердоған Диярбакырдағы аналармен телефонда сөйлесті

Президент Ердоған Диярбакырдағы  аналарды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

1374746
Ердоған Диярбакырдағы аналармен телефонда сөйлесті

Ердоған Диярбакырдағы аналармен телефонда сөйлесті.

Президент Режеп Тайып Ердоған балаларының келуін күткен Диярбакырдағы аналарды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.

Әділет және даму партиясының Диярбакыр депутаттары бөлшектеуші PKK террор ұйымының балаларын тауға алып қашқаны үшін Диярбакыр Халықтардың демократия партиясы бас ғимараты алдында акция ұйымдастырған аналармен 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай бас қосты.

Президент Ердоған Диярбакыр аналарын алты айдан бері табандылықпен жалғастырған күрестеріне орай құттықтады.

Ердоған «Сіздер балаларыңызды құшағынан алып қашқан аналар ретінде алты айдан бері жапа шектеңіздер. Сабырлықпен балаларыңыздың келуін күтіңіздер. Бұл бір үлкен күрес. Сіздер тарихқа жазылдыңыздар» деді.

Президент Ердоған «Әлемдегі адам құқықтары қорғаушылары Диярбакырға келген жоқ. Алайда сіздер мықты тұрдыңыздар. Осы процес барысында Алланың бұйрығымен балаларыңызға қауыша бастадыңыздар. Барлықтарыңыздың балаларыңызға қауышуын тілеймін. Алла сіздерге жәрдемші болсын» деген сөздер қолданды.  

Президент Режеп Тайып Ердоған Диярбакыр Халықтардың демократия партиясы бас ғимараты алдында акция ұйымдастырған аналармен телефон арқылы сөйлесті.



Ұқсас жаңалықтар