Еуропа енді жауапкершіліктерін орындауы керек

Чавушоғлұ босқындар тақырыбында Еуропаның енді жауапкершіліктерін орындауы керектігін айтты.

1371081
Еуропа енді жауапкершіліктерін орындауы керек

Еуропа енді жауапкершіліктерін орындауы керек.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Германия Сыртқы істер министрі Хайко Маасқа Еуропаның босқындар тақырыбында енді жауапкершіліктерін орындау уақытының келгенін айтты.

Чавушоғлұ Хайко Маастың twitter-парақшасында жасаған мәлімдемесіне жауап берді.

Сыртқы істер министрі Чавушоғлұ жауабында «Құрметті Хайко Маас, сенің ескерту сөздеріңе сенгім келеді. Алайда бұл сөздерді Грекиядағы достарыңа да айтсаң жақсы болар еді. Олар қазір аяусыз түрде мигранттарды өлтіруде» деген сөздер қолданды.

Чавушоғлұ сонымен қатар Маасқа Еуропа Одағының жауапкершіліктерін еске салып, «Еуропа Одағы Түркияға қарсы қайсы уәдесін орындады Хайко Маас. Аталмыш 6 миллиард евроның жартысының өзі сириялықтарға берілмеді. Түркия-Сирия шекарасындағы қауіпсіз аймаққа үлес қоспады. Кеткісі келгендерді ұстап тұра алмаймыз. Талай жылдан бері көздеріңізді жұмып алдыңыздар. Енді жауапкершілік уақыты келген шығар» деп жауап берді.

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар