Министр Акар «Көктем қалқаны» операциясын қадағалады

«Көктем қалқаны» операциясы аясында қазірге дейін 2 мың 557 режим әскері залалсыздандырылды.

1370063
Министр Акар «Көктем қалқаны» операциясын қадағалады

Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар Сирияның Идлиб аймағында 27 ақпан күні басталған «Көктем қалқаны» операциясы аясында қазірге дейін 2 мың 557 режим әскерін залалсыздандырылғанын білдірді.

Акар қолбасшылармен кеше барған Хатайда шекара аймағындағы Тактикалық басқару орталығында түнімен операцияны қадағалады.

Түнімен Идлибте режим нысаналарына бағытталған операцияны басқарған Акар режимнің Идлиб бітіміне қарамастан бала, әйел және қария екеніне қарамастан жазықсыз адамдарды құрлық және әуе шабуылдарымен қырғанын білдірді. Министр Акар бұл трагедия салдарынан Түркия шекарасына қарай бір үлкен көш толқыны болғанын түсіндірді.

Түркияның кепілгер ел ретінде келісімдерден туындаған барлық жауапкершіліктерін орындағанын және орындауды жалғастыратынын атап көрсеткен Акар  «Ресейден күткеніміз кепілгер ел ретінде уәделерін орындауы, режимнің шабуылдарын тоқтатып, Сочи келісімімен белгіленген шекараларына кері шегінуі үшін режим күштері үстіндегі ықпалын қолдануы» деді.

Акар «Көктем қалқаны» операциясы аясында қазірге дейін режимге тиесілі 2 соғыс ұшағы, 2 пилотсыз ұшақ, 8 тікұшақ, 135 танк, 5 әуе қорғаныс жүйесі, 86 зеңбірек/гаубица/көп тұмсықты зымыран қағар, 16 танк қағар мен пулемет, 77 сауытты көлік және 9 оқ-дәрі қоймасы, барлығы 2 мың 557 режим әскери залалсыздандырылды» деді.



Ұқсас жаңалықтар