Түркия Нигерияда жасалған террор шабуылын айыптады

Түркия Нигерияның Борно уәлаятында жасалған террор шабуылын айыптады.

1357159
Түркия Нигерияда жасалған террор шабуылын айыптады

Сыртқы істер министрлігі жасаған мәлімдемеде "Нигериядағы террор шабуылында көптеген адам қаза тауып, жарақат алғанына өкіндік" делінді.

Мәлімдемеде «Бұл опасыз шабуылды айыптап, шабуылда қаза тапқандарға Алланың рақымшылығын, жаралыларға жедел шипа тілейміз. Нигерия халқы мен үкіметіне көңіл айтамыз» делінді.

Террор ұйымы Боко Харамның Борно уәлаятына қарасты Кондуга аймағында жүк көліктері жолдан өту үшін күткен кезде жасалған шабуылда 30 адам қаза тауып, көптеген адам жарақат алған болатын.



Ұқсас жаңалықтар