Калын О'Брайенмен телефон арқылы сөйлесті

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын АҚШ Ұлттық Қауіпсіздік ақылшысы Роберт О'Брайенмен телефон арқылы сөйлесті.

1350531
Калын О'Брайенмен телефон арқылы сөйлесті

Калын О'Брайенмен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын Америка Құрама Штаттары Ұлттық Қауіпсіздік ақылшысы Роберт О'Брайенмен телефон арқылы сөйлесті.

Президенттік аппаратың баспасөз хатшылығынан жасалған мәлімдемеге қарағанда Калын мен О'Брайен арасындағы телефон әңгімелерінде екі ел қарым-қатынастары, Ливия және Сириядағы оқиғалар қолға алынды.

Калын мен О'Брайен телефондағы әңгіме барысында Ливия және Сирияның солтүстігіндегі күн тәртіптегі тақырыптарды қолға алды. Сонымен қатар осы аймақтарда соғыстардың доғарылуы, жай халықтың қорғауға алынуы және саяси процестің жалғастырылуы мақсатымен жүргізілген ортақ талпыныстар жайлы пікір алмасты. Калын мен О'Брайен Түркия мен АҚШ арасындағы 100 миллиард долларлық сауда көлемі нысанасына жету тақырыбында басылатын қадамдарды талқылады.

Телефондағы әңгіме барысында Калын АҚШ әкімшілігінің Израиль мен Палестина тақырыбында жариялаған жоспар жайлы Түркияның көзқарастарын жеткізді.

        



Ұқсас жаңалықтар