Жер сілкінісінде қаза болғандар саны 38-ге жетті

Элазығ провинциясындағы 6,8 балл күшіндегі жер сілкінісінде қаза тапқандар саны 38-ге ұласты.

1347410
Жер сілкінісінде қаза болғандар саны 38-ге жетті

Элазығ қаласының Сивридже ауданында 2020 жылы 24 қаңтар күні Түркия уақытымен сағат 20.55-те болған 6,8 балл күшіндегі жер сілкінісі барысында 38 адам қаза тапты, 1 мың 607 адам жарақат алды.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және салдарын жою жөніндегі басқармасының (AFAD) аймақтағы іздеу құтқару жұмыстары жалғасуда.

Құтқарушылар үйінділер астынан 44 адамды алып шықты. Медициналық көмекке барлығы 1566 адам жүгінген. 76 ғимарат қирап, 643 нысанға айтарлықтай нұқсан келген. 425 нысан жеңіл және орташа деңгейде зақымданды. Жер сілкінісі шамамен 20:55 минутта болып, 15 секундқа созылды. Қайталанатын күйзелістердің күші 5,4-тен 3,3-ке дейін болды.

Элазығда 3 жерде 5 мың шатыр құрылып, апаттан зардап шеккендердің баспана қажеттілігі қамтамасыз етіліп, құрылған жылжымалы асхана жылы тамақ таратуда. Аймақта негізгі қажеттіліктері қамтамасыз етілген адамдарға психологиялық қолдау берілуде.

Президент Режеп Тайып Ердоған кеше жер сілкінісі аймағын аралады.

Ердоған Элазығ іздеу құтқару жұмыстары тығыздалған Сүрсүрү мен Мұстафа Паша аумақтарына барды.

«Мемлекетіміз барлық мүмкіншіліктері және мекемелерімен осында» деп мәлімдемеді.

Ердоған Малатья провинциясындағы жер сілкінісі аймағына да барды. Жер астындағы тексеру жұмыстары аяқталған соң салынатын тұрғын үйлерге зардап шеккен азаматтардың орналастырылатынын білдірді.

Президент Режеп Тайып Ердоған  бүгін Африка саяхаты алдында Стамбул Ататүрік әуежайында жер сілкінісімен байланысты мәлімдеме жасады.

«Түркия бұл үлкен апаттың жарасын бірлік, ынтымақтастық және мейірімділікпен емдей бастады» деген Ердоған мемлекеттің барлық мекемелерінің жер сілкінісінен бастап, аймақтағы азаматтардың көмегіне жүгінгенін атап көрсетті.

Ердоған «Қазір 3 министріміз бен депутаттарымыз сол жерде. Бүкіл топтармен бірге жер сілкінісінің шығынын анықтау жұмысын жалғастыруда» деді.

Элязығ және Малатья провинцияларына қосымша 170 жедел жәрдем көлігі мен медициналық тікұшақ жіберілді, деді денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа.

Элазығда және Малатьяда зардап шеккен аудандарға жүздеген жүк көлігі - азық-түлік, дәрі-дәрмек, көрпе және шатырлар жіберілді. Түнде ауа температурасы нөлден төмен түседі. Бұл жерге іздестіру-құтқару топтары мен дәрігерлер де жіберілген, дейді билік өкілдері.

Кейбір футбол клубтары матчтарының табыстарын жер сілкінісі аймағына бағыштады.

Элазығ жер сілкінісі әлемде де үлкен жаңғырық туғызды. Халықаралық хабар агенттіктері жер сілкінісін шұғыл жаңалық болып хабарлады.

Жер сілкінісінің артынан көптеген ел қаза тапқандар және жаралылар үшін көңіл айту жедел хаты мен жаралыларға сауығу тілектерін білдірді.

6,8 балл күшіндегі Элазығдағы жер сілкінісі мен жерасты дүмпулері Сирия, Ливан және Иранда да сезілді.

Еуроодақ Элазығдағы жер сілкінісінің артынан спутниктік бейнелеу жүйесі іске қосты.

Еурокомиссияның Дағдарыс басқару орталығы жауапты мүшесі Янез Ленарчич «Copernicus» спутниктік бейнелеу жүйесінің Түркияның сұранысымен іске қосылғанын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар