Рахшан Ежевит соңғы сапарына аттандырылды

Рахшан Ежевит бүйрек және өкпе науқастарынан емделіп жатқан ГАТА емханасында 97 жасында қайтыс болды.

1343530
Рахшан Ежевит соңғы сапарына аттандырылды

Анкарада жұма күні өмірге көздерін жұмған Демократиялық солшыл партияның құрушы төрағасы, бұрынғы премьер-министр Булент Ежевиттің жұбайы Рахшан Ежевит соңғы сапарына аттандырылды.

Рахшан Ежевит үшін Анкарадағы Кожатепе мешітінде жаназа шығарылды.

Жаназаға Республикашыл халық партиясының төрағасы Кемал Кылычтароғлу да қатысты.

Рахшан Ежевиттің мәйіті өсиетіне сай бұрынғы премьер-министр марқым Булент Ежевиттің Мемлекеттік қабырстандағы мазарына жерленді.

Рахшан Ежевит бүйрек және өкпе науқастарынан 97 жасында емделіп жатқан ГАТА емханасында қайтыс болды.



Ұқсас жаңалықтар