Ердоған Берлин сапары алдында мәлімдеме жасады

Президент Ердоғанның күн тәртібінде Ливияда атысты тоқтату тақырыбы бар болатын.

1343332
Ердоған Берлин сапары алдында мәлімдеме жасады

Президент Режеп Тайып Ердоған Ливияда атысты тоқтату және Берлин саммиті арқылы қайтадан оянған үміттердің қан мен хаос саудагерлеріне құрбан болмау керектігін атап көрсетті.

Президент Ердоған Ливияда атысты тоқтату тақырыбында жоспарланған саммитке қатысу үшін Стамбул Ататүрік әуежайынан Берлинге аттанардың алдында баспасөз мәслихаты өткізді.

«Төңкерісшіл Хафтердің опасыз шабуылдары алдында халықаралық қоғам өкінішке орай қажетті наразылықты қазірге дейін көрсете алған емес» Ердоған «Түркия әрі майданда, әрі дипломатия арқылы ортаға қойған күресімен Ливияда бейбітшіліктің кілтіне айналды» деді.

Ливияда атысты тоқтату және Берлин саммиті арқылы жаңадан пайда болған үміттердің қан және хаос саудагерлеріне құрбан қылмау керектігін ескерткен Ердоған «Төңкерісшіл Хафтер мен қолдаушыларының Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) Қауіпсіздік Кеңесі қарарларын ашық түрде бұзған әрекеттерін ұзақ уақыт көрместен келді» деді.

Төңкерісшіл Хафтердің Грекияға сапарын да сынға алған президент «Грекия Германияға шақырылмағаны себепті мазасыз. Ливия мен Түркия арасындағы келісім Грекияны жындандырды. Хафтердің Грекияға баруы біз үшін құнсыз. Грекия қателікті таңдауда» деді.



Ұқсас жаңалықтар