Ирактың солтүстігінде екі күнде 9 террорист залалсыздандырылды

Террормен күрес үздіксіз жалғасуда.

1341690
Ирактың солтүстігінде екі күнде 9 террорист залалсыздандырылды

Ирактың солтүстігіндегі Хакурк аймағында бөлшектеуші террор ұйымы PKK-ға мүше 3 террорист әуе операциясында залалсыздандырылды.

Ұлттық Қорғаныс министрлігі мәлімдемесінде «Ирактың солтүстігіндегі Хакурк аймағында анықталған PKK-лық 3 террорист әуе операциясында залалсыздандырылды. Операцияларымыз тұрақтылықпен жалғасады» делінді.

Кеше болса Ирактың солтүстігінде Түрік Қарулы күштері мен Ұлттық Барлау Ұйымының ортақ әуе операциясында бөлшектеуші террор ұйымына мүше 6 террорист залалсыздандырылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар