Ердоған Файез әл-Серражды қабылдады

Кездесуде атысты тоқтатқаннан кейінгі Ливиядағы соңғы жағдай қолға алынды.

1339277
Ердоған Файез әл-Серражды қабылдады

Түркия мен Ресейдің шақыруымен басталған атысты тоқтатудан кейін Ливияға назар аударылып отырған кезде Стамбұлда маңызды бір кездесу өтті.

Президент Режеп Тайып Ердоған Ливия Ұлттық келісім үкіметі Президенттік кеңесінің төрағасы Файез Мұстафа  әл-Серражды Стамбұлда қабылдады.

Долмабахче жұмыс офисінде өткен ақпаратқа жабық кездесу екі жарым сағат жалғасты.

Кездесуде атысты тоқтатқаннан кейінгі Ливиядағы соңғы жағдай қолға алынды.

Президент Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин сәрсенбі күні Стамбұлда кездескеннен кейін  Ливиядағы тараптарға 12 қаңтар түн ортасынан бастап атысты тақтатуға шақыру тастаған болатын.

Басшылардың шақыруынан болымды нәтиже шығып, жергілікті уақыт сағат 00.00-де атысты тоқтату басталды.



Ұқсас жаңалықтар