Путин Ердоғанды жаңа жылмен құттықтады

Президент Владимир Путин Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды жаңа жылмен құттықтады.

1331864
Путин Ердоғанды жаңа жылмен құттықтады

Путин Ердоғанды жаңа жылмен құттықтады.

Кремль сарайынан жасалған жазбаша мәлімдемеде президент Владимир Путин Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанды жаңа жылмен құттықтады.

Ердоғанды жаңа жылмен құттықтаған Путин Ресей және Түркияның энергия мен әскери техникалық ынтымақтастық алаңдарын қамтылған көптеген салада стратегиялық жобалардың жүзеге асылуында үлкен табыстарға қол жеткізгенін баяндады.

Путин Ресей мен Түркия арасында сауда және экономикалық қарым-қатынастардың дамуы үшін жаңа көкжиек салалардың белгіленгенін білдірді.

Сирия мәселесінде Ресей мен Түркияның ортақ мүдделеріне тоқталған Путин «Мәскеу мен Анкара Сириядағы терроризмге қарсы күресуде бірге жұмыс істеді. Сондай-ақ ортақ талпыныстармен осы елде саяси шешім процесінің бастауына жәрдем берді» деген сөздер қолданды.

Президент Путин келесі жылы Ресей мен Түркия арасында дипломатиялық қарым-қатынастарының 100 жылдығы болатынын түсіндірді.

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар