Президент Ердоған сомалилік әріптесіне көңіл айтты

Президент Ердоған Сомалидегі лаңкестік шабуылда қаза тапқандар үшін көңіл айтып, жаралыларға шипа тіледі.

1331515
Президент Ердоған сомалилік әріптесіне көңіл айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған Сомали президенті Мұхаммед Абдуллах Фермажуға телефон шалып, көңіл айтты.

Коммуникация басқармасы жасаған мәлімдемеге қарағанда президент Ердоған Сомали президенті Фармажоға телефон шалды.

Әңгіме барысында президент Ердоған Сомалиде террористтер жасаған бомбалы шабуылда қаза тапқандар үшін көңіл айтып, жаралыларға шипа тіледі.

Сомали халқына көңіл айтқан Ердоған террормен күресте Сомалиге әртүрлі қолдауды жалғастыратындарын атап көрсетті.

Сомалидің бас қаласы Могадишода кеше университет студенттері мінген автобус өткен жолда жасалған бомбалы шабуылда 2 түрік азаматы, барлығы 80 адам қаза тапқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар