Президент Ердоған Малайзия сапарының артынан елге оралды

Президент Ердоған басшылығында Куала-Лумпур саммитіне қатысқан түрік делегациясы елге оралды.

1326585
Президент Ердоған Малайзия сапарының артынан елге оралды

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия уақытымен сағат 02:00-де Малайзияның бас қаласы Куала-Лумпурдан Стамбулға келді.

Президент Ердоған мен жұбайы Эмине Ердоған, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак, Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу, Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар, Өнеркәсіп және технология министрі Мұстафа Варанк, Әділет және даму партиясы төраға уәкілі Нуман Куртулмуш, Әділет және даму партиясы төраға орынбасары Джевдет Йылмаз, Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун және президенттік аппараттың баспасөз мәлімдемешісі Ибрахим Калын 2019 Куала-Лумпур саммитіне қатысу үшін барған Малайзиядан елге оралды.

Президент Ердоғанды Стамбул губернаторы Али Йерликая, Стамбул полиция директоры Мұстафа Чалышкан және басқа да лауазымдылар қарсы алды.



Ұқсас жаңалықтар