Франция азаматтары елдеріне жолданады

Бұл туралы Ішкі істер министрі хабарлады.

1314130
Франция азаматтары елдеріне жолданады

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу террорлық ұйым ДАИШ-ке мүше 11 Франция азаматын желтоқсан айында Францияға жолдайтындарын хабарлады.

Сүлейман Сойлу Измирде «Эгей аймағы көш, қауіпсіздік және әлеуметтік үйлесімділік» жиналысына қатысты.

Министр қазірге дейін елдеріне оралған сириялық азамат санының 370 мың екенін айтты.  «Біреулерге бұл жеткілікті болмауы мүмкін,  бірақ маңыздысы процестің басталуы.  Сонымен бірге заңсыз көш артып отыр.  2016 және 2017 жылы 175 мың-176 мың, 2018 жылы 268 мың болды.  Биыл қазірге дейін 420-430 мың арасында» деді ол.

Қолға түскен шетелдік террористтерді елдеріне жолдау процесінің жалғасып жатқанын атап көрсеткен Сойлу: «Францияның 11 азаматын желтоқсан айында Францияға жолдаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар