Түркияның уайымдарына көңіл бөлу керек

НАТО саммиті 3-4 желтоқсан күндері Лондонда болады.

1314081
Түркияның уайымдарына көңіл бөлу керек

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын одақтастардың Түркияның қауіпсіздікке байланысты уайымдарына көңіл бөлуі керектігін білдірді.

НАТО саммиті 3-4 желтоқсан күндері Лондонда болады.

Америка Құрама Штаттары сепаратистік террорлық ұйым PKK/YPG қауіпті деп есептелген НАТО жоспарына қарсы шықты.  Түркия бұған жауап ретінде одақтастықтың Балтық елдері және Польшаға бағытталған қауіпсіздік жоспарын бекітпеді.

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын әлеуметтік желіде осы тақырыпқа байланысты хабарлама жариялады.

Ол Түркияның НАТО-ның ең үлкен екінші армиясына ие, Еуропа Одағына толық мүше мақсатындағы мықты ел екенін білдірді. «Одақтастар Түркияның ұлттық егемендігіне қарсы қауіптерге көңіл бөліп, осыларды шешу үшін ынтымақтаса қозғалуы қажет» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар