Президент Катарға барады

Түркия мен Катар арасындағы Жоғары стратегиялық комитеттің бесінші жиналысы бүгін болады.

1311595
Президент Катарға барады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия мен Катар арасындағы Жоғары стратегиялық комитеттің бесінші жиналысын атқару мақсатымен бүгін Катарға барады.

Коммуникация басқармасының хабарламасына қарағанда,  Түркия мен Катар арасындағы Жоғары стратегиялық комитеттің бесінші жиналысы бүгін болады.  Президент Ердоған Катар мемлекетінің әмірі Шейх Темим бин Хамед әл Санидің шақыруымен осы елге барады.

Ердоған мен Әл Сани басшылығындағы комитет жиналысына қатысты министр мен лауазым иелері қатысады.

Кездесулерде Түркия мен Катар қарым-қатынастары талқыланып,  екі ел арасындағы ынтымақтастық барлық деңгейде қолға алынады. Аймақтық және халықаралық проблемалар жөнінде көзқарас алмасылады.



Ұқсас жаңалықтар