"ИЫҰ Инвестиция конференциясы" 8-9 желтоқсан күні Стамбулда өтеді

ИЫҰ мен Ислам Өркендеу Банкі ұйымдастырған конференцияға Инвестиция Кеңесі қонақжайлық жасайды.

1309393
"ИЫҰ Инвестиция конференциясы" 8-9 желтоқсан күні Стамбулда өтеді

«Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) Жоғары деңгейлі Мекемелік және жекеменшік сала Инвестиция конференциясы» 8-9 Желтоқсан күні Стамбулда болып өтеді.

ИЫҰ және Ислам Өркендеу Банкі ынтымақтастығымен ұйымдастырылған конференцияда 2 күн бойынша жекеменшік сала өкілдері өзара және мемлекеттік мекемелермен байланысатын жиналыстар өткізбек. Конференция аясында «Басшылар саммиті дөңгелек үстел отырысы» жоспарлануда.

Президенттік аппараттың Инвестиция Кеңесі қонақжайлық жасайтын конференцияда ИЫҰ мүше елдерінің инвестициялық агенттіктері, басқа ұлттық және халықаралық мекемелер өз елдеріндегі инвестиция мүмкіншіліктерін танытатын баяндамалар жасайды.

Конференцияға Режеп Тайып Ердоғанның да қатысуы күтіледі.

Мәлімдемеде көзқарастарына орын берілген Президенттік аппараттың Инвестиция Кеңесі төрағасы Арда Эрмут іс-шарада ИЫҰ мүше елдерінен келетін мекемелік немесе жекеменшік сала өкілдерінің табыстары танытылған хикаялары мен мүше елдердің жаңа жобаларын жариялайтынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар