"Түркия - Еуропаның қауіпсіздігінде маңызды ел"

НАТО Бас хатшысы Түркияның Еуропаның сенімде болуы үшін маңызды ел екенін айтты.

1302535
"Түркия - Еуропаның қауіпсіздігінде маңызды ел"

НАТО Бас хатшысы Йенс Столтенберг Түркияның Еуропаның сенімде болуы үшін маңызды ел екенін айтты.

Йенс Столтенберг Германияның бас қаласы Берлинде Корбер фондында сөйлеген сөзінде қауіпсіздік саясаттарына тоқталды.

Еуропа Одағының әскери түрде Еуропаны жалғыз өзі қорғай алмайтынын атап көрсеткен Столтенберг: «Норвегия, Америка Құрама Штаттары, Канада және Ұлыбритания мен оңтүстікте Түркия - Еуропаны қауіпсіз қылу үшін маңызды елдер» деді.

НАТО Бас хатшысы одақтас елдерден қорғаныс бюджеттерін НАТО талап еткен деңгейге келтіруін сұрады. Мысалы Германияның қорғаныс қаражатын Америка Құрама Штаттарына жақсылық болсын деп емес, керісінше өз қауіпсіздігін қамдау үшін арттыруы керектігін атап көрсетті.

Столтенберг жексенбі күні  «Bild am Sonntag» газетіне берген сұхбатында да Түркияның маңызды одақтас екенін қабылдау керектігін білдіріп: «Террорлық ұйым ДАИШ-пен күресте және ұйымның жойылуында Түркия үлкен үлес қосты.  Ешбір одақтас Түркия секілді сириялық босқын қабылдамады.  Түркия 3,6 миллион босқын қабылдады және ешбір НАТО елі Түркия секілді лаңкестікке душар болмады» деген еді.



Ұқсас жаңалықтар