Ердоған Виктор Орбанмен ортақ баспасөз жиналыс өткізді

Ердоған «Бірнеше мүше елдің екі жақты мәселесі Түркия мен Еуропа Одағы қарым-қатынастарын бұзбауы керек» деді.

1302413
Ердоған Виктор Орбанмен ортақ баспасөз жиналыс өткізді

Ердоған Виктор Орбанмен ортақ баспасөз жиналыс өткізді.

Ердоған «Бірнеше мүше елдің екі жақты мәселесі Түркия мен Еуропа Одағы қарым-қатынастарын бұзбауы керек» деді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия-Венгрия Жоғары деңгейлі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің төртінші жиналысын өткізу мақсатымен Венгрияға барды. Сапар аясында Ердоған Венгрия премьер-министрі Виктор Орбанмен кездесті. Кездесуден кейін ортақ баспасөз жиналыс өткізді.

Венгрияның Түркияның Еуропа Одағы мүшелігі процесіне қолдау көрсеткенін білдірген Ердоған «Құрметті премьер-министрдің осы тақырыпта жасаған қолдауына алғыс айтамын. Еуропа Одағының соңғы кезде елімізге ұстанған тұғыры шын ниетті емес. Бірнеше мүше елдің екі жақты мәселесі Түркия мен Еуропа Одағы қарым-қатынастарын бұзбауы керек. Бұл тұғыр өз мүдделеріне зиян тигізеді. Түркияның толық мүшелігінің Еуропа Одағына қосатын үлесін толыққанды түсінулері керек» деді.

Кейбір стратегиялық одақтастардың террор ұйымы лидерлерімен кездесулеріне және селбесулеріне қатты алаңдаудамыз деген Ердоған «Террордың және террористің жақсысы, менікі немесе сенікі деген түсінік болмауы керек» деген сөздер қолданды.

 



Ұқсас жаңалықтар