Ердоғаннан УЕФА-ға қатаң наразылық

Президент Режеп Тайып Ердоған Венгрияға сапары алдында УЕФА-ны (UEFA) қатаң түрде сынға алды.

1301826
Ердоғаннан УЕФА-ға қатаң наразылық

Ердоған «Елімізге шетелде өкілдік жасаған спортшылар Бейбітшілік бұлағы операциясы басталғалы жүйелі түрде қысымға алынуда. Қақпаға гол салған соң әскерлерімізге сәлем жоладаған спортшыларымызға тергеу ашқан. Түркия ретінде УЕФА-ның ұлттық спортшыларымызға және клубтарымызға бағытталған бөлшектеуші, заңсыз және саяси ұстанымын қабылдамаймыз. Сіз саясат пен спортты шатастырған жағдайда, мұны кешіруге болмайды. УЕФА-ның дереу осы қателіктен бас тартуы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар