Сенімді аймақта әлі де террористтер бар

Президент Режеп Тайып Ердоған Сириядағы сенімді аймақта әлі де террористтің бар екенін айтты.

1300630
Сенімді аймақта әлі де террористтер бар

Сенімді аймақта әлі де террористтер бар.

Президент Режеп Тайып Ердоған Сириядағы сенімді аймақта әлі де террористтің бар екенін айтты.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Режеп Тайып Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі топтық жиналысында сөз сөйледі.

Баяндамасында Сирияның солтүстігінде бөлшектеуші террористік ұйымы YPG/PKK және ДАИШ-ке бағытталған Бейбітшілік бұлағы операциясына тоқталған Ердоған «Түркияны террористік ұйымдары арқылы қоршауға тырысқандар мақсатына жете алмайды. Біз террористтердің үңгірлері мен қоймаларын жойдық» деген сөздер қолданды.

Түркияның Сирия және Ирак территорияларында жалғыз террорист қалғанға дейін күрестерді жалғастыратынын баяндаған Ердоған «Белгіленген сенімді аймақ шекаралары ішінде әлі де террористтердің бар екенін білеміз. Бұл жерлер террористтерден тазаланған жоқ. Бізді алдай алмайды» деді.



Ұқсас жаңалықтар