Түркия АҚШ-тың террор рапортын сынға алды

Түркия АҚШ Сыртқы істер министрлігінің "2018 жылғы Террор рапортына" наразылық көрсетті.

1300111
Түркия АҚШ-тың террор рапортын сынға алды

Президенттік сарай Америка Құрама Штаттарының 2018 жылғы террор рапортына наразылық көрсетті.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның төрағалығында өткізілген Президенттік сарай кабинет жиналысының артынан АҚШ Сыртқы істер министрлігінің "2018 жылғы Террор рапортына"  байланысты жазбаша мәлімдеме жасалды. 

Мәлімдемеде аталмыш рапортта бөлшектеуші террористік ұйым YPG/PYD және Феттуллахшы террористік ұйымынан сөз қозғалмауының "Қос стандарттық тұғырдың қарапайым үлгілерінің бірі" екені атап көрсетілді.

Терроризммен күрес сылтауымен төңіректің төрт бұрышында  әрекет жасап жатқан АҚШ-тың аталмыш рапорттан кейін терроризм тақырыбында ешкімге айтатын сөзі  қалмағаны дәріптелген мәлімдемеде:

"Террористік ұйымдармен бір төсекте жатқандардың тағдырының ертеме-кешпе сол улы жылан тарапынан шағылатынын тағы бір мәрте ескерттік" делінді.

Түркияның 1984 жылдан бері террористік ұйыммен жалғасты күрескен, одан бұрын АСАЛА ұйымын қамтыған түрліше террористік ұйымдарының жаһандық өредегі шабуылдарына дөп келген бір ел екеніне назар аударылған мәлімдемеде:

"Әлемде Түркия сияқты террор шабуылдарына ұшыраған және террористік ұйымдармен нақтылы күрес жүргізіп табысты болған ел тым аз" деп көрсетілді.

Мәлімдемеде:

"Түркияның ПКК және ДАИШ террористік ұйымымен болғанындай, PYD және Феттуллахшы террор ұйымын қамтыған барлық террористік ұйымдармен де күресті батылдықпен жалғастырамыз" деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар