Калын Стамбулда АҚШ Өкілдер Мәжілісі өкілдерін күтті

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын АҚШ Өкілдер Мәжілісі делегациясымен әңгімелесті.

1299246
Калын Стамбулда АҚШ Өкілдер Мәжілісі өкілдерін күтті

Түркия террор ұйымдары ДАИШ және PKK/PYD/YPG-ге қарсы жүргізілген заңды күрестің табандылықпен жалғасатынын АҚШ-тық лауазымдыларға тағы бір рет жеткізді.

Калын АҚШ Өкілдер Мәжілісі делегациясымен Стамбул Долмабахче жұмыс офисінде бас қосты. Аймақтық соңғы жаңалықтар, екі жақты ынтымақтастық, террормен күрес, Сирияда қауіпсіз аймақтың құрылыс жұмыстары мен шешім кезеңі тақырыптары қолға алынған кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастықтың стратегиялық маңызға ие екеніне назар аударылды.

Калын Түркияның АҚШ Өкілдер Мәжілісінен шыққан екі жоба жайлы мазасыздығын тілге тиек етіп, кездесуде сириялық босқындардың қауіпсіз, өз еріктерімен елдеріне оралуы тақырыбында жалғасқан жұмыстар жөнінде ақпарат бөлісті.



Ұқсас жаңалықтар